БҚО-да құқық қорғау саласы қызметкерлеріне қатысты жемқорлық фактісі бойынша 15 қылмыстық іс қозғалып, 5 тұлға қылмыстық жауапқа тартылған. Соның ішінде жол сақшылары мен учаскелік полиция қызеткерлері тарапынан пара алуға жол берілгені анықталып отыр. Мұндай фактілерге куәгер болған немесе хабардар болған жан қылмысты ашуға өз үлесін қоса алады. Жемқорлық фактісі жөнінде ақпарат жеткізген азаматқа мемлекеттен 30 айлықтан 70 айлық есептік көрсеткіш көлемінде сыйақы төленеді. Сондықтан қылмыспен бірлесе күресейік дейді мамандар.