0:00 / 0:00
Осыған дейін Бөрлі ауданындағы аталмыш ауыл тұрғындары ауадағы белгісіз иістің салдарынан тыныстары тарылып, денсаулықтары нашарлайтыны туралы шағым түсірген болатын. Түскен шағым бойынша БҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары аталмыш ауылға барып, атмосфералық ауаға жан-жақты тексеріс жүргізіп қайтып отыр. Сонымен тексеріс нәтижесі қандай болды?
2017 жылдың соңынан бастап тұрғындар жағымсыз иісті сезе бастаған. Бөрлі, Қанай, Бумакөл, Облавка ауылдарының тұрғындары осы қолайсыздыққа байланысты билікке шағымдарын жеткізіп, бір шара қолдануын сұраған болатын. Себебі иістен денсаулықтары нашарлап, бастары аурып, қан қысымдары көтерілген. Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті бастаған бір топ мамандар алайда ауадан зиянды заттардың шамадан тыс мөлшерін анықтамапты.
Сонымен ауылда зертханалық жұмыстар жалғасады. Күндіз және түнгі уақытта бөлек атмосфераның құрамы тексеріледі. Бұл иіс кен орнынан болуы мүмкін емес. Өйткені ара қашықтық пен қауіпсіздік аймағы талапқа сай ескерілген дейді сала мамандары.