0:00 / 0:00
Қарашығанақ кен орнына таяу орналасқан халық күкіртсутектің ауаға таралуынан зардап шеккен болатын. Қазіргі кезде белгілі болып отырған талдауға сүйенсек, тұрғындардың 50% қанайналым, ас қорыту, жүйке жүйелеріне зардап келгендігі анықталып отыр. Оның ішінде балалар да бар.
Березов ауылы тұрғындарына жүргізілген алғашқы медициналық тексерістен өткендердің 311-і балалар болса, 28-ін жасөсіпірмдер құрайды. Жалпы ауылда 1357 адамнан қан талдаулары алынған. Нәтижесі бойынша барлық тұрғындардың электронды төлқұжаты жасалуда. Бүгінгі таңда Березовтағы 670 тұрғынның түрлі дертке ұшырағаны белгілі болып, 30 пайызынан тыныс мүшелерінің ауруы, 21 пайызынан қан айналым жүйесі ауруы, 13 пайызынан ас қорту жүйесі, 5,4 пайызынан жүйке жүйесінің дерттері анықталып отыр.
Тексеріс нәтижесінен кейін кейбір науқастар республикалық клиникаларға жіберіледі. Сондай-ақ облысқа республикадан балалар кардиологын, невролог, педиатор мамандарды шақыту қажеттігі туындап отыр. Ал қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу комитеті тексеріс жұмыстырын жалғастыру үстінде.
Кпо б.б компаниясы экологиялық талаптарды қаншалықты бұзып отыр. Бұл мәселені анықтау үшін облыстық экология департаменті жоспардан тыс тексеріс жүргізуде. Ал Березов ауылы тұрғындарының жаппай улануына не себеп болғанын анықтау мақсатында жүргізілген сараптама нәтижесі 10-қаңтарда белгілі болуы тиіс.