Елордада өтетін жәрмекеде аймақ тауар өндірушілері мен шаруа қожалықтары өз өнімдерін саттыққа шығарады. Жәрмеңкеге 120 тонна өнім жеткізіледі. Оның ішінде 20 тонна сиыр еті, 12 тонна жылқы еті, 15 тонна ет және шұжық өнімдері, 10 тонна ұн мен макарон өнімдері, 2 мың литрден астам сусын бар. Жәрмеңке соңы өңірдің шығармашылық ұжымдары ұсынған концерттік бағдарламамен жалғасады.
-"Жәрмеңкеге 37 тауар өндіруші қатысады. БҚО сауда орындарына 25 орын жай жабдықталады. Жәрмеңкеге 120 тонна ауыл шаруашылығы өнімі шығарылады. Жалпы сомасы 81,2 млн. теңгені құрайды",-дейді БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы Нұргүл Мұқанова.