Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО мен ҚХР кәсіпкерлері ынтымақтастық көрмесінде бас қосты

c 17:20, 12/05 c 1

БҚО мен Қытай Халық Республикасы кәсіпкерлерінің Форумы өтті. Екі ел арасындағы қарым қатынас дамып бүгінде сауда саттық саласында өзара бірлескен жобалар жүзеге асырылуда.Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы мен Қытай Халық Республикасының кәсіпкерлері арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға арналған ауқымды көрме өтті.Ауыл шаруашылығы мен өндірістік секторға арналған заманауи құрал-жабдықтар, инновациялық технологиялар және бірлескен жобалар - бүгінгі көрменің басты назарында болды.Көрмеге облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, аудан әкімдері және бизнес-құрылым өкілдері қатысты. Қытай тарапынан "Zhongzhi Maysen Company" сынды ірі компаниялардың делегациясы келді.Қытайдан келген делегация бұл көрме - екі ел арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықты тереңдетуге мүмкіндік беретінін және қос ел арасындағы ұзақ мерзімді серіктестікке дайын екендерін тілге тиек етті. Қос тарап заманауи агротехника, қайта өңдеу құрылғылары мен шағын өндіріс желілеріне арналған жабдықтармен танысып, олардың өңір экономикасына енгізілу мүмкіндіктерін талқылады.Кездесу аясында бірнеше іскерлік кездесу өтіп, болашақтағы бірлескен жобалар мен технологиялық трансфер мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілді.Және аул шаруашылығы саласы бойынша кәсіп ашқан аудан тұрғындары бұндай кездесулердің маңыздылығына тоқталды. Бүгінгі көрмеге аудандардан 50-ге жуық кәсіпкер қатысты. Мамандар атап өткендей енді облыс орталығыенда осындай көрме тұрақты түрде өткізіледі. Және кәсіпкерлер Қытай мемлекетінен қажетті құрылғы мен техникаларды тиімді бағаға ала алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.