0:00 / 0:00
БҚО-ға 7 қаңтарда 5 блокбекет қойылды. Арна тілшілері Орал қаласына кіреберістегі бекетке барып, жұмысымен танысқан еді. Тәулігіне облыс орталығына шамамен 15 мыңдай көлік қатынайтын көрінеді.Тәртіп сақшылары аса сақтықпен көліктерді тексергеннен кейін қалаға кіруге рұқсат береді. Үшінші блокбекет арқылы тәулігіне қатынайтын көлік саны 4 мыңнан асады.Мәселен, бұл көлік Арал қаласынан Оралға бет алған. Үш күннен бері жол жүріп келе жатқан жол талғамайтын көлік иесі облысқа жұмыс сапармен келгенін айтады. Бұдан бөлек Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында «Орал Атырау» және «Орал Ақтөбе» шекарасында, Бор тауы аумағыда блок бекеттері бар. Елмізде төтенше жағдай 19-шы қаңтарға дейін созылмақ.