Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-ға "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы келді

c 17:32, 29/05/2018 c 1216

0:00 / 0:00

БҚО-да Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев бизнес өкілдерімен кездесті. Кездесуде кәсіпкерлерді мазалаған маңызды сұрақтар талқыланды. Шараға аймақ басшысы Алтай Көлгінов те қатысты.

Ақжайық өңірі өндірістік-аграрлық аймақ болып саналады. Экономикаға түсімнің басты бөлігі экспортқа шығарылатын пайдалы қазбаларды өңдеу мен өндіруден түседі. Былтыр экспорт көлемі 30 пайызға дейін артқан. Баға өсіміне өндірілген өнім көлемінің артуы себеп болыпты. Бірақ соған қарамастан кәсіпкерлер қиындыққа тап болып отыр.

-"Біз қазір өз өнімімізді Ресейге жеткізіп отырмыз және субсидия бағдарламасына ілігу үшін көлемі 10 пайыздан кем болмауы тиіс. Талапты орындап отырмыз. Өнім шекара арқылы өтіп, біздің серіктестеріміз оны Ресейден алып отыр. Бұл бағдарламадан шығып қалмас үшін ақшаның ауқымды түскені қажет. Тауарды төлемді кейін төлеуге келісіп тиейміз. Бұл сұрақты қайта қарауға болмайды ма? Бұл бізді тығырыққа тірейді. Біз кейінге қалдырамыз және бізге ол ресейлік серіктестер алдында басымдық береді. Барлық өнімдерін экспорттайтын кәсіпорындар да осындай қиындыққа тап болып жатырған шығар",-дейді "Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы" ЖШС директоры Валерий Крылов.

Ұлттық палата өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл мәселе қазір айрықша бақылауға алынған және өзге елдердің тәжірибесі ескеріліп, заңнамаға тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізілетін болады.

-"Экспорт бойынша сервистік бөлік бізге жолданып отыр. Бізде қазір 1800 экспорттаушы бар. Біз өз өндірісшілерімізді, Ресейліктерді, Өзбекстан тәжірибесін және бәсекелестерді зерттеп жатырмыз. Қазір сіздер айтып отырған мәселені біз қандай да бір кепілдікпен қамтамасыз етуге тырысайық. Сіздердің барлық ұсыныстарыңыз енгізіледі. Бүгін жұмыс тобы кездесулерді бастады. Біз қатты қалыс қалғанымызды білеміз. Тіпті Өзбекстанның өзі бізден үздік жұмыс жасайды. Путиннің жарлығымен мұндай жұмысты бір ведомство атқарады. Бізде өкінішке орай, ведомстволар шашыраңқы, өнім жеткіліксіз, несие көлемі бойынша көп арттамыз. Сол себепті бәсекеге қабілетті болу қиын",-дейді "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында аймақтық кәсіпкерлер палатасында бизнес қорғау желісі бойынша 71 жазбаша өтініш қаралған. Қорғалған мүліктік құқық сомасы 107 млн. теңгеден асыпты. Республика бойынша бизнеске деген қысымды азайту және әрі қарай тиімді жұмыс жасау үшін белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

-"Бизнес ортаны жетілдіру үшін соңғы жылдары 20 мыңнан аса заң жобасы мен нормативтік-құқықтық акті қаралды. 6,5 мыңдай өзгеріс енгізілді. Олардың 2/3 бөлігі мемлекеттік органдармен қабылданды. Осы аптада мемлекет басшысымен заңнамадағы өзгерістерге қол қойылды. Мұндай қолдау Ұлттық палата жұмысына көмектеседі. Үкімет, құқық қорғаушы органдар, жергілікті атқарушы орган кәсіпкерлік саласындағы мәселелермен толықтай айналысып жатыр. Барлығы елбасы осы сұрақтарды бақылауға алып отырғандықтан жүзеге асады",-дейді "Атамекен" ҰКП төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев.

Кездесу соңында Тимур Құлыбаев бүгінгі күні Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алдына қойылған тапсырма ауқымды екенін мәлімдеді. Кездесулер арқасында аймақта бизнесті дамыту жолындағы жүйелі сұрақтар талқылауға алынған. Соңғы 5 жылда ҰКП-мен айтарлықтай үлкен жұмыс жасалды дейді мамандар. Проблемалық сұрақтар тізімі жасақталып, 570 енгізілген тармақтың 70 пайызы қайта қаралған. Ал тексерістер деңгейі 30 пайызға қысқарып отыр.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.