Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО электр желілерін тарату компаниясы 1,5 млрд. теңгені жаңғыртуға жұмсамақ

c 18:02, 07/06/2018 c 967

0:00 / 0:00

Электр қуатын тасымалдау жоспары жөніндегі инвестициялық бағдарламада осындай сома белгіленіп отыр. Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясының құзырында 20 мың шақырымнан астам электр желісі, 150 қосалқы стансасы мен 2 жарым шақырым трансформатор пункті бар. Желілердің ескіру деңгейі 77 пайызды құрайды. Энергетикалық компанияның 16 аудандық электр желісі, 1 қалалық филиал, Орал қаласындағы 2 қызмет көрсету желісі, энергетикалық қамтамасыз ету базасы және бас басқармасы жұмыс жасайды.

Соңғы жылдары электр энергиясын есептеу және бақылау жүйесін автоматтандыру жүйесі белсенді түрде енгізілуде. Кәсіпорын есебінен электр желілерінде есептеу құрылғылары орнатылып жатыр. Энергетиктер бес жыл ішінде ауқымды жұмыс атқарып, желілердің ескіруіне қарамастан тұтынушыларға үзіліссіз қызмет көрсетіледі деп мәлімдеп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.