2020-жылы Жапонияның Токио қаласында өтетін ХХХІІ жазғы Олимпиадалық ойындарға аймақтан 9 спортшы қатысады деп күтіліп отыр. Бұл жөнінде дене шынықтыру және спорт басқармасының мамандары мәлімдеді. Айта кетейік, БҚО-да 11 мың жарым адам балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне барып, спортты жандарына серік етіпті. Жалпы саны өңірде бұқаралық түрде 45 спорт түрі дамытылуда. Соның ішінде 8 мыңға жуық адам олимпиадалық спорт түрлерімен айналысады екен. Бұл дегеніміз олимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын мықты спортшыларды іріктеп, дайындауға арналған мүмкіндікті арттыруда.