Оқиға "Орал-Самара" тас жолындағы Зеленов ауданы, Махамбет ауылының маңында 11-наурыз күні тіркелген. Куәгерлердің айтуынша, қозғалыс кезінде техникадан ақау шығып, қызыл жалын тұтанған екен. Жануға бейім заттар тиелген көліктегі өртті ауыздықтауға өрт сөндіру қызметінің №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары жедел жолданған. Айта кетейік, биылғы жыл басынан облыс аумағында 95 өрт және 44 жану тіркеліпті.