Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да жеңістің 80 жылдығын 9 ардагер қарсы алды

c 17:14, 12/05 c 1

Батыс Қазақстан облысынан қан майданға 76 мың азамат аттанса, соның 36 мыңына, туған жердің топырағы бұйырмады. Елге есен оралған майдангерлердің 9-ы Жеңістің 80 жылдығын қарсы алып отыр. Бүгін өңір басшысы ардагерлердің үйіне барып, мерекемен құттықтады.Биыл Жеңістің 80 жылдығын Батыс Қазақстанда тоғыз соғыс ардагері қарсы алды. Олардың бірі - ғасыр жасаған Вениамин Скаленко. Жасы жүзге таяғанына қарамастан, бойы сергек, сөзі нық. 17 жасында майданға өз еркімен аттанып, Еуропа елдерін азат етуге қатысқан. Ардагердің ең үлкен тілегі - елдің амандығы мен тыныштығы.Осы күні облыс басшысы Нариман Төреғалиев Халық қаһарманы Иван Гапичке Мемлекет басшысының арнайы құттықтауын және мерекелік медалін табыстады. Иван Степанұлы 1941 жылы әскер қатарына алынып, жау тылындағы құпия операцияларға қатысқан. Ол - 1945 жылы Мәскеуде өткен тарихи Жеңіс шеруінің қатысушысы.Аймақ басшысы Нариман Төреғалиұлы, ардагерлерге ұзақ ғұмыр тіледі. Ол өз сөзінде ардагерлердің ерлігі мен еңбегі мәңгілік ел жадында қалатынын атап өтті.Батыс Қазақстан облысында ардагерлерге қолдау көрсету шаралары тұрақты түрде жалғасып келеді.Және бұл күні күштік құрылым өкілдері де ардагерлерге арнайы келіп ақ батасын алды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.