Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да жатыр мойыны обыры мен сүт безі қатерлі ісігімен ауратын қыз-келіншектердің саны - 60 адамға жетіп отыр

c 16:02, 09/01/2020 c 594

0:00 / 0:00

Бұл көрсеткіш ақ халаттылардың бақылауына ресми тіркелгендер ғана. Өңір тұрғыны Динара Бектованың аталмыш жатыр мойыны обыры дертіне шалдыққанына 1 жылдың жүзі болды. 33 жастағы 3 баланың анасы, дертіне дауа іздеудің орнына, 3 баласына пана іздеу әлегімен жүр. Әр үйдің босағасын паналған ол, әлеуметтік жағдайына байланысты ел ағаларынан қаржылай көмек сұрайды. Қатерлі ісіктің практикалық тұрғыда әрбір алтыншы ажалдың әзірейіліне айналғаны - айқындалған дерект. Көпшіліктің жанамалап "аты жаман ауру" атап жүрген қатерлі ісік термині ғылымда ағзаның кез келген бөлігін бүлдіретін 100 шақты аурудың жиынтығы мағынасында түсіндіріледі. Бүгінде елімізде 6 түрлі онкологиялық аурудың алдын алу мақсатында скринингтік тексеру жұмыстары емханаларда тегін жүргізіледі. Олар: сүт бездері, жатыр мойыншығы, тоқішек, өңеш және асқазан, еркектік без және бауыр.

"Обыр - емге көнетін дерт. Сондықтан науқас оны жазылмайтын сырқат деп бірден жеңіле салмай, онымен белсенді түрде күресе білуі керек.Обыр дертін емдеу кезінде екі тарап, яғни дәрігер мен емделуші де ынта танытуы керек. Дерт неғұрлым ерте анықталса, оны емдеу де соғұрлым жеңіл болмақ. Ол үшін өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге жиі қаралып, аракідік медициналық зерттеулерден өтіп тұру керек. Бұның өзі қандай да болмасын дерттердің, соның ішінде қатерлі ісіктердің алдын алу шарасы болып табылады",- деп атап өтті БҚО Онкологиялық диспансер директорының орынбасары Нұрлан Төлемісов.

33 жастағы 3 баланың анасы Динара Бекетова обыр дертіне шалдыққанын жақында ғана білген. Нақты диагнозы - жатыр мойны обырының 3-ші сатысы. Динара онкологиялық диспансерге өткен жылдың қараша айында жүгінгенімен, тұрмыстың тауқыметінен ем-домын да толық ала алмады. Онкологиялық диспансерде кейіпкерімізге сәулелі терапия тағайындалғанымен, әкесіз өсіп келе жатырған үш бірдей балапанын тентіретіп қалдыра алмағандықтан, ауруханадан кетуге мәжбүр болған. Сол себепті де ем толық жүргізілмеген. Жас ана жолдасынан ажырасқанына 1 жылдың жүзі болған. Бүгінгі күні біреудің аядай ғана лашығын 50 мың теңгеге жалға алып келеді. Ол "жөнсіз ақша сұрап, оны өз қажеттіліктеріме жұмсап жатқаным жоқ, тек баспана ақысы төлеу мен күнделікті тамақ алуға қаржы сұрауға мәжбүр болып тұрғанын" айтты. Бүгінде обырдың әрбір түрі үшін күрделілігіне қарай хирургиялық араласу, сәулелік терапия немесе химиотерапия сияқты бір, тіпті одан да көп әдісті қамтитын ерекше емдеу режимі талап етіледі. Өңір ақ халаттылары Динараның қазіргі дағдайы - көз жұма қарайтын мәселе еместігін, емханаға жатып, кешенді ем алу керек, - дейді. Мамандар ерте кезеңде анықталған сүт безі, жатыр мойны, ауыз қуысы, лейкемия, лимфома және тоқ ішек обырын ерте, әрі дәл диагностикалау арқылы және озық практикалық әдістерді қолдана отырып емдеу жағдайында жақсы нәтижеге қол жеткізуге болатынын айтады.

 

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.