Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ветеринария басқармасының басшысы мәлім қылды. БҚО-да 20 рет бруцеллез дертінің адамға жұғу жағдайы тіркелген. Биыл аймақта аталмыш сала жұмысына 999,7 млн. теңге бөлініпті. Оның 60 млн. теңгесі төрт түлік малы ауруға шалдыққан азаматтарға өтемақы ретінде төленеді.
БҚО-да аса қауіпті аурулардың 10 ошағы тіркеліпті. Оның ішінде 9-ы құтыру дерті бойынша. Бектілген жоспар бойынша 11 түрлі жануардың ауруына қарсы вакциинация жүргізіледі. Ол тізімде сібір жарасы, пастеррелез, дерматит сияқты аурулар бар. Жыл басынан 300 мың бас ірі қара бруцеллез дертіне тексерістен өткен, оның ішінде 4800-інен ауру анықталыпты.
Жыл сайын ауруға шалдыққан мал иелеріне өтемақы ретінде қаражат бөлінеді. Биыл оның көлемі жылдағыдан 2 жарым есеге аз көрінеді. Ауру тарату көзі болып саналатын 10 мың бұралқы ит пен 565 мысық ауланған. Биылғы жылы облыста 20 мал қорымын салу жоспарланып отыр.