Жаңашыл идеяларды қолдауға грант жарияланды. Бұл жөнінде кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасы хабарлады. Қазіргі күні байқауға қатысушылардың өтініштері қабылданып жатыр. Тегін гранттар жас кәсіпкерлерге, нәзік жанды бизнес өкілдеріне, мүмкіндігі шектеулі жандар мен 50 жастан асқан азаматтарға жаңа бизнес идеяларын іске асыру үшін қайтарымсыз негізде беріледі. Гранттар республикалық бюджеттен қаржыландырылған және әр қатысушыға 3 млн. теңге сомасына дейінгі көлемде табысталады. Ол үшін әр қатысушы бұрын-соңды болмаған жаңашыл жобасының ерекшелігі мен қоғамға қандай пайдасы барын дәлелдеуі керек.