БҚО-да жақын күндері қоңыр салқын ауа райы сақталады деп күтілуде. Бұл жөнінде Қазгидромет мамандары хабарлады. Теңіз аумағынан келетін суықтықтың әсері біздің өңірге әсерін тигібей қоймайды. Сондықтан жауын-шашын мен табиғаттың тосын мінезіне дайын болғаныңыз жөн. Айта кетейік, синоптиктердің көп жылдық тәжірибесінде тамыз айының 18-жұлдызындағы ең ыстық күн- 1935 жылы 38 градусқа дейінгі сынап бағанасының көтерілуімен тіркелген екен. Сондай-ақ ең суық күн 1910 жылы 0 градуспен орын алған.