Бұл туралы Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ресми интернет-ресурсында мәлім болды. Наурыз айының соңында Охотзоопром мекемесінің инспекторлары Бөкейорда ауданының маңындағы Мұратсай ауылында 1964 және 1978 жылы туылған екі азаматты ұстаған. Тексеру барысында 12ші колибрлі екі мылтық пен 17 оқ дәрі және киіктің өлексесі табылған көрінеді. Бұндай фактінің тағы екі фактісі облысымыздың Пятимар, Қызылоба және Жаңғала аудандарында анықталған. Бүгінде 3 қылмыстық іс бойынша да тергеу жұмыстары жүруде.