Қазіргі күні "Қызыл кітапқа" енген жануарларға оқ атқандарға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, соңғы факті Казталов ауданында 9-шілде күні тіркелген болатын. Жануардың мүйізіне қызыққан броконьерлер 6 киікті опат қылыпты. БҚО-да 10 күні бойы жүргізілген жедел алдын алу шарасы кезінде заңсыз киік аулаған 4 автокөлік пен 1 мототранспорт қолға түскен. Аталмыш фактілер бойынша 3 бірдей қылмыстық іс аудандық бөлімде қаралып жатыр.