Бүгін Орал қаласында ҰБТ-ға дайындық кезінде қайтыс болған мұғалімді соңғы сапарға шығарып салды. 55 жастағы №32 мектептің ұстазы Лидией Кулешова М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ға оқушыларын алып келіп тұрған жерінде денсаулығы сыр беріп, құлаған болатын. Жедел жәрдем көлігі жеткенде азаматша оқушыларының көз алдында қайтыс болып кеткен. Алайда марқұмның туыстары бұл қазаға кешігіп жеткен дәрігерлерді кінәлайды. Сол себепті шақырту түскен мекен-жайға жеткен фельдшермен арада кикілжің туындаған. Қайғылы жағдайға тап болған отбасы мүшелерінің бірі медициналық қызметкерге жұдырығын ала жүгіріп, бірнеше рет соққы жұмсаған. Жедел жәрдем қызметкері кеуде тұсынан алған соққымен ауруханаға жүгініпті. Ал денсаулық сақтау басқармасы болса, жедел жәрдем қызметі белгіленген уақытта жетті деп мәлімдеп отыр.