Коминтерн ауылы маңында Жайық өзеніне суға түсуге барған 1999 жылғы қыз бала тілсіз жаудың құрбаны болып отыр. Сүңгуірлермен қыздың денесі 10 минут ішінде жағаға шығарылыпты. Өкінішке орай, өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Марқұмның мүрдесі қазір сот-медициналық сараптамасына жолданған. Бұл орайда төтеншеліктер судағы қауіпсіздікті сақтауды тағы да қатаң ескертіп отыр.