Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, оқиға рұқсат етілмеген жағажайда, Шаған өзінінде тіркелген. Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жолданған. Оның нәтижесі шыққан соң, азаматтың суға батып кетуіне не себеп болғаны анықталатын болады. Төтеншеліктер қайғылы жағдайлар көбіне ішімдік ішіп шомылу, жүзу білмеу, қауіпсіздік ережесін сақтамау салдарынан тіркеліп отырғанын атап көрсетіп отыр.