0:00 / 0:00
БҚО-да Коминтерн ауданында бір адамның суға кету фактісі бойынша құтқарушылар үстінен тексеріс жүргізіліп жатыр. Бұл жөнінде БҚО ТЖД хабарлады. Ағымдағы жылы облыста 8 адам суға кетсе, оның екеуі балалар. Сондай-ақ жалпы ауданы 3224 га құрайтын 1 дала өрті мен 5 орман өрті тіркеліпті.
Жаз бойы өрт пен судан келетін қауіп артып, төтеншеліктер күшейтілген режимде жұмыс жасады. Өрт қауіпті кезең басталғалы Зеленов ауданында жалпы ауданы 3224 га құрайтын 1 дала өрті тіркелген. Және Орал қаласы, Зеленов пен Теректі аудандарында жалпы ауданы 80,7 га құрайтын 5 орман өрті болған.
2017 жылы 18 адам тілсіз жаудың құрбаны болып, суға кетсе, оның ішінде 5 жасөспірім болатын. Ал биылғы кезеңде 8 адамның өмірі қиылса, оның 2-еуі бала. Коминтерн ауданында адамның суға кету фактісі бойынша құтқарушылардың міндетін дұрыс орындамауы фактісімен бүгінде қызметтік тексеріс жүргізілу үстінде. Облыс аумағында ғарыштық мониторинг жүргізу үшін «Ғарыш сапары» АҚ-мен соммасы 6,5 млн. теңгені құрайтын келісім шарт жасалған. Батыс Қазақстан облысы аумағында 12 өрт сөндіру бекеті құрылған. От пен су-тілсіз жау. Жаз маусымы аяқталуға таяғанымен төнер қатер сейілмейді. Сондықтан қандай жағдайда болмасын салғырттыққа жол бермей, қауіпсіздікті сақтау маңыды екенін қаперден шығармайық.