0:00 / 0:00
Облыста бір аптаның ішінде полиция қызметкерлерінің қатысымен екі бірдей жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның бірі-Сырым аудандық ішкі істер бөлімі инспекторының қатысымен орын алған еді. Ал екінші оқиға-1-наурыз күні "Орал-Ақсай" тас жолында болған. Өкінішке орай, жол апатынан бір адамның өмірі қиылды.
Бұл 1-наурыз күні "Бөрлі-Ақсай" тас жолының 8-ші шақырымында тіркелген жол-көлік оқиғасы. Ауди маркілі темір тұлпар патрульдік полиция көлігімен соқтығысқан. Апат адам өмірін жалмап, бірнеше жан зардап шеккен. 27-ақпанда "Самара-Шымкент" тас жолында Мерседес пен Ваз көлігі түйіскен екен. Автобуста Өзбекстанның 50 азаматы болса, жеңіл көлікте Сырым аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы отырған. Қазіргі кезде қайғылы апаттың орын алуына не себеп болғаны анықталып жатыр.