29.03.2020 жылы БҚО коронавирус індетін жұқтырған 2 дерек тіркелді. Бұл туралы облыстың бас дәрігері мен облыстың бас санитарлық дәрігер мәлімдеді. Науқастың бірі Атыраудан, екінші сырқатқа шалдыққан жан Ресейдің Саратов қаласынан келген.Қазіргі таңда науқастардың барлығы ауруханада ем-дом қабылдап жатыр. Індетке шалдыққандармен жақын қарым-қатынаста болғандар провирозлық стационарларға жатқызылып, қалған азаматтардың тізімі анықталуда.