0:00 / 0:00
Шараның негізгі мақсаты - жол ережесі бұзылуының алдын алып, көлік жүргізушілерінің арасындағы тәртіпті күшейту. Апта ішінде тәртіп сақшылары жолда жүру ережесін бұзуға қатысты 350-ге жуық фактіні анықтапты. Нәтижесінде көлікті масаң күйде басқарған 4 жүргізуші ұсталған. А, 116 жаяу жүргінші көшеде ортақ тәртіпті сақтамағаны үшін айыппұлға іліккен. БҚО - да биылғы жылдың қараша айының 1-жұлдызынан 2020 жылдың қаңтар айының 1 - жұлдызы аралығында "Қауіпсіз жол" жедел профилактикалық шарасы ұйымдастырылуда. Облыс әкімдігі мен ПД-і бірлескен шара партия мен қоғам белсенділерінің белсенділігін артпақ ниетте. Еске салсақ, Орал қаласында 2019 жылдың 10 айында 154 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның ішінде 41 қаза тапса, 205 адам әртүрлі дене жарақаттарын алған көрінеді.