Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да картоп тапшылығын жою мәселесі қолға алынды

c 18:45, 02/02/2018 c 823

0:00 / 0:00

БҚО-да бір жылда 56 мың тонна картоп өнімі өсірілген. Бірақ бұл аймақ халқының қажеттілігін толық өтемей отыр. Сол себепті картоп егілетін алаңдарды ұлғайтып, жергілікті өніммен тұрғындарды қамтуда жетіспеушілікті 2 мың тоннаға дейін қысқарту көзделуде. Ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының мәліметіне сүйенсек, өңірде өнімді экспортқа шығаруға мүмкіндік зор. Тек ол үшін сапалы тұқым алу және топырақ ауруларын емдеу мәселесін шешу қажет.

Бұл мәселелерді шешу үшін шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы саласының ғалымдары және Ресей Федерациясынан келген мамандардың қатысуымен жиын өтті. Білікті ғалымдар кездесуде картоп өсіруде жақсы өнім алудың әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Картопппен толықтай облысты қамту үшін біраз мәселелерді шешіп, зиянкестермен күресті күшейту керек.

Облыстың картоп өнімін тұтыну көлемі 61 мың тоннаны құрайды. 2017 жылы 56 мың тоннадан астам өнім алынып, қалған жетіспейтін бөлігі мен тұқымын қосқанда 7 мың тоннадай көлемдегі өнім Қазақстанның өзге облыстары мен басым бөлігі РФ-ның көршілес облыстарынан жеткізілген.

Картоптың жаңа сұрыптарын өсіру қажет дейді сала мамандары. Себебі қазіргі өнімдер пыш болып, өнімділігі төмендеп кеткен. 2018-жылы картоптың жетіспеушілігін 2 тоннаға дейін қысқартып, ал 2019 жылдан облыс халқын аталмыш жергілікті өніммен толық қамтамасыз ету жоспары бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.