Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да қаладан 2000 пәтер мен ауылдық жерлерден 140 тұрғын үй салынады

c 18:00, 07/03/2018 c 1109

0:00 / 0:00

Бұл жөнінде бүгін актив жиынына қатысқан аймақ басшысы Алтай Көлгінов мәлімдеді. Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы атты халыққа үндеуі тақырыбында өткен кездесуде облыста қандай жұмыстар атқарылмағы мәлімделді.

Актив жиыны БҚО әкімдігінің "Астана" залында өтті. Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы атты халыққа үндеуіндегі бірінші бастама әлеуметтің әл-ауқатын көтеру үшін баспанамен қамтуды көздейді. Бүгінде облыста 56 мың адам "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде" пәтерлі болуға үмітті болып, шот ашқан болса, 22 мың адам баспана кезегінде тұр.

Бұл орайда 7.20.25 тұрғын үй бағдарламасының қабылдануы үлкен мүмкіндіктер ашпақ. Осының арқасында ипотека бұрынғыдай 14-15 пайызбен емес, 2 есеге арзан 7 пайызбен берілмек. Алғашқы жарнаның да көлемі 20 пайызға дейін төмендеп, 25 жылға бөліп төлеу қарастырылған бағдарлама көпшіліктің көңілінен шықты.

Бұдан өзге жалақысы 24 айлық есептік көрсеткіштен төмен, яғни 60 мың теңге болатын азаматтардың жалақысынан алынатын салық жүктемесі 10 есеге азайып, 1 пайызды құрайтын болады. Облыста бұл орайда тізім жасақталуда. Одан соң жаңа бастама студенттерді жатақханамен қамту және гранттар бөлу, газдандыру мәселелерін қамтиды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.