2018 жылдың үш айында шаһар аумағында ішек ауруларының 65 фактісі тіркеліпті. Бұл өткен жылға салыстырғанда 3 жағдайға артып отырған көрінеді. Ішек ауруларымен науқастанған азаматтардың 75 пайызы балалар екені анықталған. Сала мамандары биылғы жылы қоғамдық тамақтану орындарында астан улану дерегі тіркелмеді. Науқастанған азаматтардың барлығы үй жағдайында уланған дегенді алға тартады.