Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да эпидемиологиялық ахуал - қалыпты

c 17:08, 15/01/2020 c 358

Биыл қыс мезгілі жылы болғандықтан, тұмау мен рес­пираторлы-вирустық дерттің ас­қыну­ы өткір тұр. Дегенмен, облыста эпидемиологиялық ахуал - қалыпты, - дейді БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары. Өткен жылдың қазан айының 1-нен басталған эпидемиологиялық маусым, биылғы жылдың ақпан айының соңына дейін жалғаспақ көрінеді. Осы кезеңде аймағымызда 7 мыңға жуық респираторлық вирустық жұқпа тіркелген екен. Оның 70 пайызын 14 жасқа дейінгі балалар алқымдайды. Бір қуантарлығы- аталған дерт салдарынан тіркелген өлім-жетім дерегі жоқ. Бүгінгі күні РФ-нан сатып алынған тұмауға қарсы вакцинамен 70 мың өңір тұрғыны егіліп отыр. Сала мамандары: "- Ауа райы­­­ның бір жылып, бір салқын­дау­ы­­­нан тұр­ғындар жеңіл киініп, өздері де ауру­­дың өр­шуіне «мүм­кіндік жасайды». Им­мун жүйесінің әлсіздігінен олар­дың ағзасы дертпен күресуде дәрменсіз. Сон­­дықтан, имму­нитетті көтерудің барлық шарасын қарас­тырып жүрген артық болмайды", — дейді.

 

Автор:
Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.