0:00 / 0:00
БҚО-да енді бахил шығарылады. Оралдық Алмагүл Давыдованың бұл істі қолға алғанына көп бола қоймапты. Оралға бұл өнім негізінен Ресейден немесе Қазақстанның басқа қалаларынан әкелінеді. Өндіріс қалдықсыз болып саналады. Осының бәрін бағамдаған іс бастаушы кәсіпкер «Алмагүл» атты бахил өндірісіне кірісіп, табысты бизнеске айналдыруға бел буды.
Алдымен ісін жаңа бастаушыларға арналған кәсіпкерлік негізінің курсын оқып, бітірді. Сосын жобаны қаржыландыру үшін Алмагүл «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында сыйақы мөлшерлемесі 6% мөлшерінде жеңілдетілген несиені «Сбербанк» АҚ арқылы алды.
Несие қаражатын кәсіпкер бахил шығаратын құрал мен қажетті материалдар сатып алуға жұмсады. Сонымен қатар, ісін жаңа бастаған кәсіпкер ретінде кепілзаты жеткіліксіз болғандықтан «Даму» Қорының кепілдігін де пайдаланды. Сала мамандарының айтуы бойынша облыста өз -өзін жұмыспен қамтып отырғандар саны бүгінде 50 мыңнан асады.
Ал Алмагүл өндіріп отырған өнім құрамының 75%-ы қазақстандық шикізат. Қазір тіпті көрші қала мен аудандардағы кәсіпкерлер де сатып алуға қызығушылық танытып жатыр.