Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да экономикалық жағдайға байланысты өндіріс ошақтары қиын кезеңді бастан өткеруде

c 00:00, 03/03/2015 c 815

0:00 / 0:00

Әсіресе рубльдің құлдырауы азық-түлік өндірушілер үшін оңайға соқпай отыр. Себебі бәсекелестік артқан, салдарынан сақтау мерзімдері шектеулі өнімдердің құны түсіп, сауда жүрмей қалыпты. Бұл шырғалаңнан шығар жол қайсы? Елдің дамуына қосар үлесі зор кәсіпорындарға мемлекет қандай көмек қарастырған? Көрші ел валютасының құлдырауы жергілікті өнімді тысқа шығарып, зор пайдаға кенеліп келген кәсіпорындардың тынысын тарылтып отыр. Ел экономикасын дамытуға үлес қосып отыран осындай өндіріс ошақтары болатын. Ал, керісінше, қазір сырттан қажетін толтырып, оны елге саудалайтындардың дәурені жүріп тұр. Бәсекелестерден қалмай, өндірісті дамытуға кәсіпорындардың өз күштері жетпейді. Сондықтан олар мемлекеттің көмегіне алуға кет әрі еместігін білдіруде. Соның ішінде маңыздысы жұмыс орнын қысқартпау керек дейтін диханшылар биыл тәтті нандар, күбағыс дәні сынды жаңа өнімдерді шығаруды қолға алды. Уақытша орын алған қиындықтар әсіресе азық-түлік өндірушілерге ауыр тиюде. Осындай кәіспорындардың бірі-300- дей адам еңбек ететін ұн өнімдерін дайындайтын өндіріс ошағы. Рубль бағамы ұзаққа сақтауға келмейтін азық-түліктердің өтінміділігіне әсерін тигізбей қоймады. Дағдарыстан айналып өтудің бір жолы өз өнімізді тұтыну екенін ұмытпаған жөн болар. Себебі жергілікті кәсіпорындарға төленген ақша өз бюджетімізге түсіп, бірімізге жалақы, бірімізге зейнетақы болып төленері анық.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.