Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да дизельді отын бағасы шамадан тыс қымбаттап отыр

c 17:40, 09/08/2018 c 886

0:00 / 0:00

Жыл басынан бері солярканың құны 18 пайызға дейін өскен. Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің БҚО бойынша департаменті бұл орайда бекеттерге ескерту жарияланғанын атап өтті. Егер тексеріс кезінде баға өсімі негізсіз екені анықталса, қатаң шара қолданатын боламыз дейді антимонополия өкілдері.

Биыл департаментпен 13 бөлшектік бағамен сату субъектісіне, 12 көтерме баға субъектісіне мониторинг жасалыпты. Нәтижесінде жыл басынан АИ-92 жанармайының құны 4,1 пайызға өскені анықталса, 95 маркілі жанармай 1 пайызға қымбаттапты. Ал дизельді отын құны бірден 18 пайызға дейін шарықтап кеткен. Дизельді отынның қымбаттауы ауыл шаруашылығы жұмыстары науқанымен, нағыз өнім жинайтын уақытқа тұспа-тұс келіп отыр. Мамандар облыстың қазіргі тұтынушылар қажеттілігі мен жеткізіліп отырған сұйық отын көлемі жөнінде нақты ақпарат жарияламады. Солярканың литрі 158 теңгеден 188 теңгеге дейін қымбаттаған. Дизельді отын негізінен Атырау облысынан жеткізеледі. Былтыр жазғы науқанда айына 20-30 тонна дизельді отын тұтынылған. Қазір сұйық отын бағасыны шектеу қойылмайды. Сол себепті осы сала өкілдеріне ескерту ғана жасалып, тексеріс жүргізілуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.