Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да депозит салымы 210,2 млрд. теңгені құрайды

c 20:09, 29/03/2018 c 763

2018 жылы банктер филиалдарындағы салымдар өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артып, 210,2 млрд. теңгені құрап отыр. Бұл жөнінде ҚР Ұлттық банкінің БҚОФ директоры мәлімдеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиында Орал қаласында таралған жалған ақша банкноттарына қатысты сауалдар қойылды. Банк директорының айтуынша, банкноталар айналымнан шығарылып, арнайы зерттеу жүргізіліп жатыр.

Аймақта 2018 жылдың 1-наурызындағы есеп бойынша екінші деңгейлі банктердің 14 филиалы, банк филиалдарының 68 бөлек үй-жайлары және 68 айырбастау пунктері жұмыс жасайды. Облыстағы депозиттердің жалпы сомасында жеке тұлғалардың үлесі 88,8 пайызды , ал заңды тұлғалардың үлесі 11,6 пайызды құрап, 210,2 млрд теңгеге жетіп отыр.

Ұлттық банк өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте экономиканың нақты секторларына мониторинг жасап, қалада жалған ақша шығару фактісіне қатысты зерттеу жүріп жатқанын мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында 20 мыңдық банкноталарды шығарып, түрлі тауар сатып алу үшін сауда айналымына енгізген топ құрықталған болатын .

Тексеріс барысчында 6 млн теңге жалған ақша айналымнан шығарылған. Тәртіп сақшылары осындай 14 эпизодты анықтапты. Валюта заңнамасын сақтау бойынша 2 уәкілетті ұйым қызметіне тексеріс басталыпты.

Оператор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.