0:00 / 0:00
Бұл жөнінде бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте белгілі болды. Аймаққа келген арнайы комиссия кепілдендірілген көмекті тегін берілетін дәрі-дәрмектің тапшылығына не себеп болғанын анықтауға білек сыбана кіріскелі отырғанын мәлімдеді. Комиссия құрамында денсаулық сақтау министрлігінің фармация комитеті басшылығы мен СК фармация компаниясы өкілдері бар.
Тегін берілетін дәрілердің тапшылығы жөнінде алғашқы боп қант диабетіне шалдыққан балалардың ата-аналары дабыл қаққан болатын. Инсулиннің жоқтығынан диабетке шалдыққан балалардың жағдайлары нашарлап, ата-аналар наразылық шарасын ұйымдастыруға шықты. Комитет төрайымы Людмила Бюрабекова дәрі жеткізудегі олқылық заңнаманың кеш қабылдануына байланысты орын алды деп мәлімдеп отыр. Биыл дәрі-дәрмектердің жеткізуші ретінде СК фармация компаниясы жұмыс жасайды деп белгіленген. Ал өңірге тиесілі дәрілердің басым бөлігі тек қаңтар-ақпан айларында жеткізіліпті.
Облысқа қазір 727 млн. теңгеге 1 мыңнан астам түрлі дәрі-дәрмек түрі сатып алынған екен. Тегін берілетін дәрілердің бүгінде 95 пайызы жеткізіліп отыр. Арнайы комиссия аймақта дәрі-дәрмектердің тапшылығына байланысты түбегейлі тексеріс жүргізетін болады.
Осы келеңсіздік қайталанбас үшін 2019-жылы берілетін тегін препараттар тізімі қазірден бастап жасақталып жатыр дейді фармация комитетінің төрайымы.