БҚО-ның Переметный ауылы маңындағы 2018 жылдың сәуірінде жарылған бөгет әлі күнге жөнделмепті. Бұл мақсатқа 70 млн. теңге қаражат бөлінген болатын. Жұмысты "Орал строй инвест" ЖШС орындады. Осыған дейін мердігер кепілдік негізінде орын алған кемшіліктерді қалыпқа келтіруге міндетті екені мәлімделді. Бөгет жазғы уақытта суармалы жерлерді суландыруға қажет 5 млн. текше метр суды сақтауға арналған болатын.