Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да биылғы жыл басталғалы жұмыс берушінің еңбек ақыны жөнді төлемеуіне байланысты 107 заң бұзушылық анықталып отыр

c 00:00, 29/06/2015 c 761

0:00 / 0:00

Бұл жөнінде еңбек инспекциясы басқармасының басшысы мәлімдеді. Аталмыш фактілер бойынша, 44 жұмыс берушіден 4 млн. теңге өндіріліп алыныпты. Қызметкерлердің құқығын аяққа таптаған мекемелер мен кәсіпорындардың жыл санап артуы-екі қолға бір күрек табамын деп алысқа жол тартқандардың арасында да тіркелуде. Мәселен, Орал қаласының тұрғыны Бейбіт Нұғманов арнамызға осындай шағымымен көмек сұрап жүгінген болатын. Бейбіт Нұғманов Орал қаласының тұрғыны. Мамыр айының 18-ші жұлдызында азамат Атырау қаласына жұмысқа шақырылады. Алайда отбасымды асыраймын, нәпақа табабын деген ойы жүзеге аспай, құрған жоспарының тас-талқаны шығыпты. Жұмыс берушінің қызметкерлерді адамға санамай, құқықтарын таптауына ызаланған Бейбіт Нұғманов енді кімнен көмек сұрарын білмей, арнамызға шағымданып отыр. Биылғы жыл басталғалы облыста осында 1262 жұмысшыға еңбек инспекциясының апралауысен 116,5 млн. теңге жалақы өндіріліп алыныпты. 67 адамды еш себепсіз жұмыстан қысқартып тастаған басшылық тіпті қоқан-лоқы көрсетіп, олардың талабын құлағына да ілмепті. Нұғмановтың ұялы телефонмен мән-жайды түсіндіруін өтінген сауалына дөрекі жауап қатып, мындай мәтіндегі хаттар жазады. Биылғы жылдың ішінде 202 рет тексеріс жүргізген инспекция мамандары 236 заң бұзушылық анықтап, жауапты тұлғаларға 5,8 млн теңге айыппұл салыпты. Өкінішке орай, биыл инспекцияға келіп түскен арыздар саны өткен жылдармен салыстырғанда 6 есеге дейін артып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.