Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да биыл 1630 адам бос жұмыс орындарына жолданған

c 17:13, 11/09/2018 c 1026

0:00 / 0:00

Аймақта жұмыссыздықты жою үшін нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы жүзеге асуда. Бағдарламаға қатысушылардың 32 пайызы 29 жасқа дейінгі азаматтар болса, араларында 526 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ақпарат берілді.

Биыл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшу жоспарланды. Алайда аталған жүйеге көптеген мәртебесі белгісіз азаматтар қол жеткізе алмай қалу қаупі орын алуына байланысты алдағы уақытқа ауыстырылған болатын. Өзгерістер жөнінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Қалияр Айтмұхамбетов нақтылап айтып берді.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қатысуға 16 мың 494 адам тізімге енгізілген болатын. Оның ішінде 59 пайызы жұмыссыздар. Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға облыстың 13 білім беру ұйымдарында 36 мамандық бойынша 800 адамды оқытуға қаражат бөлінді. Жаңа бағдарламаны іске асыру барысында жыл соңына қарай жалпы жұмыссыздық деңгейі 5% құрайды деп жоспарлануда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.