Із-түссіз жоғалған азаматтың денесін төтеншеліктер 30-маусым күні судан тапқан. Оқиға Серебряково ауылы маңында тіркелген. 57 жастағы азаматтың суға батып кетуіне не себеп болғаны тергеу жұмыстарынан соң белгілі болмақ. ТЖД тұрғындарды шомылу кезіндегі қауіпсіздікті сақтауға шақырады. Белгіленбеген орында суға түсу, ішімдік ішіп шомылу және балаларды қараусыз қалдыру адам өмірі үшін аса қауіпті екенін тағы бір мәрте қатаң ескертіп отыр.
-"Қазіргі күні сот-медициналық сараптама тағайындалып отыр. Суға түсуге рұқсат етілмеген орында батқан. Оқиғаның мән-жайы сараптама аяқталған соң белгілі болады",-дейді БҚО ТЖД бөлім бастығы Бақытжан Ихсанов.