0:00 / 0:00
Байқау "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінің 100 жылдық меректойына орай байқау жас оқырмандар арасында ұйымдастырылған болатын. Талабы таудай оқушыларға ең құнды деген сыйлық ақын-жазушылардың кітаптары тарту етілді. Шара "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткізіліп отыр.
Балалар шығармашылығы байқауына аудан оқушылары белсенді қатысып отыр. 5ші сыныпқа дейінгі оқушылардың шығармалары арасынан ең үздік дегендері іріктеліп алынған. Талабы таудай жастар жайықтың ақ шағаласы Ақұштап ақынмен кездесіп, батасын алып, ерекше әсерге бөленді. Демеушілердің көмегімен жеңімпаз оқушыларға ең құнды деген сыйлықтар- кітаптар тарту етілді.
Шығармашылық ұжым үнемі дарынды жастарды қолдап, қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптеуге, жас ұрпақтың тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі. Ақын болуды армандайтын Гүлайхан Періште тілек номинациясымен марапатталды.
Шыңғырлау, Бөрлі, Зеленов аудандарынан келген тұрақты жас оқырмандар "Балғын бояу", "Асқақ арман", "Мейірім, "Бақытты балалық шақ" номинациялары бойынша танымал облыс қаламгерлерімен ақындардың қолынан марапат алу бақытына ие болып, сыйлықтар табыс етілді.