0:00 / 0:00
Біздің білгеніміздей бірінші оқиға 2014 жылдың күз айында орын алған болатын. Нина есімді балгердің кеңесімен бір әйел өз баласын қыша қағазға орап, 7,5 сағатқа жатқызып қойған көрінеді. Сәби жылап, мазасызданған жағдайда аузына емізік байлап қойып, тыныштандыруға тырысқан. Нәтижесінде өткен жылдың 15 қазанында сәби, ауыр халде емханаға жеткізіліп, қызуының шамадан тыс көтерілуі салдарынан ес түссіз күйге түсіп, ес жимастан мерт болған. Ал ағымдағы жылы дәл сол Нина есімді бақсыға қаралаған нәресте ауыр халде жан сақтау бөліміне жеткізілген. Кіндік жарығы бар деп анасы әкелген бірнеше айлық сәбиге, 10 күн бойы шешпестен "лейкопластырьмен" ішін орау қажет деген кеңес береді, нәтижесінде 4 сәуір күні сағат 15:15-те нәресте емханадан бір-ақ шыққан. Біздің түсірілім тобымыз оқиғаның басты кейіпкері - Нина есімді балгерді тауып, үйне барып сұхбаттасып көрді. Балгер болса, бұл жерде өзінің ешқандай кінәсі жоқ екендігін айтып, ақталып бақты. Әзірге прокуратура қызметкерлері екі бірдей қылмыстық іске қатысы бар балгерді анықтап, ҚР ҚК 322 баның 4 бөлімі, яғни “Сертификаты немесе лицензиясы жоқ тұлғаның медициналық қызметпен шұғылдануы” бабы бойынша емшінің үстінен қылмыстық іс қозғады. Егер қарияның кінәсі дәлелденсе, ол 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал.