Қазгидромет мамандарының болжамынша, облыста жауын-шашынды күн райы күтіліп отыр. Сынап бағанасы күрт төмендеп, желдің қарқыны артуы мүмкін. Айта кетейік, БҚО-да маусым айының 14-ші жұлдызындағы ең салқын күн 1993-жылы 7 градустық температурамен тіркелген екен. Ал 2012-жылы 39 градустан жоғары ыстық орын алған.