Бұл жөнінде қазгидромет мамандары мәлімдеді. Сынап бағанасы 0-ден жоғары көтерілгенімен түнгі уақытта қайтадан температура төмендеуі мүмкін. Сол себепті көктемнің алдамшы күн шуағында жеңіл киініп, суық тигізіп алудан сақ болғайсыздар. Айта кетейік, синоптиктердің көп жылдық тәжірибесінде наурыздың 21-ші жұлдызындағы ең жылы күн 2002-жылы +10 градус болып тіркелген. Ал 1927-жылы бұл күні минус 28 градусқа дейін аяз болған екен.