БҚО - да адамды ұрып -соғу мен зорлау фактілері азаймай отыр.Тіпті бұрынғы жылдармен салыстырғанда осы бағыттағы қылмыстар қатары өсіп отырғаны байқалады дейді полицейлер.Жалпы БҚО ПД ауыр қылмыстарды ашу ісі бойынша республикада 6 -орынды иемденген.Соған қарамастан адамдар тарапынан жасалатын айуандық азаймай отырғаны қынжылтады.Жыл басталғалы 3 мыңға жуық құқық бұзушылық тіркелген.Олардың ішінде 7 кісі өлтіру оқиғасы, 82 тонау фактісі, 5 қарақшылық оқиғасы, 74 оқиға бұзақылыққа қатысты тіркелген.Бұдан бөлек БҚО - да алаяқтық фактілері де азаймай отыр.