Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да 8 адам жұмыс орында қаза тапқан

c 16:54, 28/01/2022 c 1119

Өткен жылы БҚО-да өндірісте 59 адам жарақат алған. Зардап шеккен азаматтардың 8-і қаза тауыпты. Бұл туралы еңбек инспекциясының мамандары мәлімдеді.

2021 жылы БҚО-да 8 адам жұмыста қаза тауып, 51 азамат түрлі дене жарақатын алыпты. Жалпы өндірісте тіркелген жазатайым жағдайдың саны 52. Еңбек инспекциясының мамандары көбінесе қайғылы оқиға құрылыс нысандарында тіркеледі,- дейді.

Еңбек дауында жалақыны уақтылы төлемей жүрген жұмыс берушілер бар. Қазіргі таңда 34 жұмысшы 73 млн теңгедей еңбек ақысын ала алмай келеді.

Бүгінде еңбек инспекциясында тіркелген шағымдардың 80 пайызға жуығы жалақы мәселесіне қатысты екен. Сала мамандары шағын және орта бизнес өкілдерін мораторийге байланысты тексере алмай отырғандарын айтады. Шағын бизнесте жұмыс жасайтын азамат жолықса, сотқа шағымдану бойынша ақыл-кеңес береді екен. Жалпы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші әрбір айдың алғашқы он күнінде жалақыны уақытылы төлеуге міндетті.

Сурет https://xn----7sbbbjsrtgwwfhvih.xn--p1ai/ сайтынан жүктелді.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.