БҚО-да 7 түрлі дәрінің бағасы қымбат бағаға саудаланған. Бұл туралы облыстық прокуратура қызметкерлері хабарлайды. Экономикалық тергеу департаменті мен полиция қызметкерлерінің мобильді тобы тексеріс жұмыстарын жүргізген кезде дәрі-дәрмектерді рұқсатсыз сатқан 3 дерек тіркеліпті. Мәселен, дәріханаларда "Арбидолдың" бір орамын 5000 теңгеден саудалапты. Ал негізінде оның бағасы 2312 теңге тұрады. Осылайша кәсіпкер пайдаға кенелмек болған. Онсыз да қарапайым халық қиналып, дәрі таппай сандалып жүргенде дәрі бағасын қасақана қымбат сатқан дәріхана иесінің үстінен әкімшілік құқық бұзушылықтың 426- бабы бойынша қозғалған істі жауапкершлікке тарту үшін құзырлы мекемеге жолдапты. Және Цеф-3 дәрісін құжатсыз сатып, заңсыз фармацевтикалық қызметпен айналысқан азаматтың әрекеті де әшкере болып отыр. Прокуратура қызметкерлері осындай заңсыз дәрі бағасын қымбаттатқан жағдайлардың куәгері болсаңыздар 51-06-96 телефон нөмірі бойынша хабарласуларыңызды сұрайды.
Сурет ғаламтордан жүктелген