Бұл жөнінде ауыл шаруашылығы басқармасы мәлімдеді. Аймақта биыл ірі қара саны 4,4 пайызға көбейсе, жылқы 9 пайызға, құс саны 50 пайызға артыпты. Бүгінгі күні шетелге экспортқа ет шығару жоспары 53,3 пайызға орындалып, 1065 тонна сиыр еті өзге елдерге жөнелтілген. Сондай-ақ 338 тонна қой еті шекара асыпты. Айта кетейік, ағымдағы жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға 2600 млн. теңге бөлініпті.