0:00 / 0:00
Осы мәселені шешуде президенттің үндеуі аясында атқарылатын жұмыстардың шарапаты зор болады деп күтілуде. Айта кетейік, биыл тағы білім саласында 20 мың грант бөлінеді деп жоспарланып отыр.
ҚР бойынша 75 мың орындық студенттерге арналған жатақхана салынады. Бұл ел көшбасшысының үндеуінде айтылған бес әлеуметтік бастамада айтылған. Аталмыш мақсатта аймақта жоспарлы жұмыс қолға алынбақ.
Студенттер үшін жатақхана мәселесінің шешілуі қуантарлық жайт. Олар жастардың әрдайым мемлекет назарына алынып отырғанына разы. Бұдан өзге жатақханалардың жағдайын тексеріп, жөндеу мақсатында облыста жастар саясаты мәселелері басқармасы жұмыс жүргізген болатын.
Айта кетейік, Қазақстанда 159 мың студент грантта оқиды. Ал біздің облыста 3135 студент грант бойынша білім алуда. Елбасының жаңа бастамасы бойынша биыл тағы 20 мың грант бөлінбек. Бұл білім гранттары негізенен техникалық нано технология, айти технология бағытындағы мамандықтарға бөлінген.