0:00 / 0:00
БҚО-да 19 мыңнан астам адам екі қолға бір күрек таба алмай жүр. Өңірде жұмыссыздық көрсеткіші 5 пайызды құрап отыр. Азаматтардың жұмысынан айырылып, табысынан қағылуына пандемия да өз әсерін тигізуде. Вирустың таралу қаупіне байланысты көптеген сала қызметін тоқтатып, өздерін банкрот деп жариялады немесе әлі толыққанды жұмысына кірісе алмай отыр.
Бізбен тілдескен осы қала тұрғыны секілді екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жандар жетерлік. Статист мамандардың берген ақпарына сүйенсек, облыста жұмыссыздар саны 19 мыңды құрайды. Ал жұмыспен қамту орталығының мамандары 15 мың адамның тіркелгенін айтады. Өткен жылы орталыққа жұмыс сұрап келген адамдар саны 35 мыңды құрапты.
Наурыздан бастап жұмысына орала алмай, табысынан қағылған жанның бірі-Гүлзина Сахипова. Кейіпкеріміз бүгінде қаладағы стоматологиялық орталықта әкімгер болып қызмет жасайды. Қазан айында жұмыспен қамту орталығының көмегіне жүгініп, қарашада жұмысқа орналасқан.
Нарықта техникалық мамандықты меңгерген жандар мен мұғалімдерге деген сұраныс көп дейді мамандар. Елімізде жұмыссыздықтың деңгейін төмендету мақсатында «Еңбек» бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Осы бағдарламаның бір бағыты бойынша сұранысқа ие мамандандықтарды қысқа уақытта оқыту. Оқыту курстарында білім алған шаштараз, аспаз бен тігіншілердің 100 пайызға жуығы дерлік жұмыспен қамтылатын көрінеді.
Сурет https://inbusiness.kz/ сайтынан жүктелді.