0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облысында интернет алаяқтарының құрбандары азаймай тұр. Ғаламтордың көмегімен адамның бар тапқан-таянғанын жымқыратындар түрлі айла-амалды іске асырады. Баукеспелердің құрығына егде жастағы жандар тез ілігеді. Интернет алаяқтығын азайту мақсатында өткен демалыс күндері облыс аумағында арнайы жедел-профилактикалық іс-шара өтті.
Полиция қызметкерлері қала көшелерінде алаяқтардың іс-әрекеті туралы жазылған үн парақ таратты. Шараның мақсаты- егде жастағы жандардың интернет баукеспелерінің құрбанына айналмасы үшін тиісті ақпарат беру. Қылмыскерлер өзге адамның шотындағы қаржысын жымқырып, басына миллиондаған несие рәсімдейді. Қала тұрғындары заң күшейтіліп жатса да, алаяқтардың жолын кесуде іс-қимылдың кешеуілдеп жатқанына таңғалады.
Биыл облыс аумағында 182 интернет алаяқтық қылмысы тіркелген. Оның 55 ғана ашылыпты. Келген шығын 32 млн теңгені құрайды. Қымыскерлердің көбі ТМД елдерінің азаматтары екен.
Тәртіп сақшылары бөгде адамға өзіңізге тиесілі ақпаратты айтпай, банк немесе өзге мекеменің қызметкері деп қоңырау шалғандармен сөйлеспеуге, "егов" қосымшасы арқылы несиеден еркіңізбен бас тарту сынды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
СУРЕТ https://ortcom.kz/ САЙТЫНАН ЖҮКТЕЛДІ.