БҚО-да жұмыс берушілер өз қызметкерлеріне 140 млн. теңгеден астам жалақыны төлемей отыр. Бұл жөнінде еңбек инспекциясы басқармасы хабарлады. Құзырлы органдағы арыз-шағымдардың 90 пайызы ақ адал маңдай терімен тапқан еңбек ақыларына қол жеткізе алмай жүрген жұмысшылардан түсіп отырған көрінеді. Қазір осы борыштарды қысқартып, еңбек құқығын қорғау мақсатында жұмыс қолға алынған. Дау-кикілжіңнің алдын алу үшін дағдарысқа қарсы штаб отырысы өткізілуде.