Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да 104 заңсыз қоқыс полигоны анықталды

c 17:07, 15/08 c 24

0:00 / 0:00

БҚО-да 104 заңсыз қоқыс полигоны анықталды. Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін "Ғарыш сапары" мекемесі анықтапты. Облыс аумағында заңсыз қоқысты тазалау жұмыстары басталды.

"Ғарыш сапары" ұлттық компаниясы жыл сайын елдегі заңсыз қоқыс полигондарына мониторинг жасайды. Биыл компания облыс аумағында 104 рұқсат етілмеген аймақты анықтапты. Заңсыз қоқыстың басым көпшілігі Бәйтерек ауданы мен Орал қаласында екен. Облыс орталығында 24 орын анықталды. Оның 11-і Зачаган кентінде орналасқан.

Күні бүгінге дейін 51 заңсыз қоқыс полигоны жиналды. Сала мамандары жыл санап қоқыс полигондарының саны азайып келеді дейді. 2023 жылы облыс аумағында 259 орынды анықтаған еді.

Сала мамандары табиғат анаға жанашырлық танытып, таза ұстауға шақырады. Белгіленбеген жерде қоқыс шашқан жандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.